Оңтүстік Африкада 10 жылдан кейін алғаш рет қар жауды

Оңтүстік Африкада ауа райы бұзылды.

Елдің Йоханнесбург қаласында жапалақтап қар жауды. Мұндай құбылыс елде соңғы 10 жылда болмаған. Қала тұрғындары 2012 жылы ақ ұлпа жауғанын көрген еді. Қардың жауғанына балалар дән риза. Балғындардың көбі ақ ұлпаны бірінші рет көріп тұр. Жергілікті метеорология қызметі елге суық циклон жақындағанын ескертті. Алдағы күндері Йоханнесбург және Претория қалаларында дауыл соғуы ықтимал.