Нью-Йорк штатын су басты
Нью-Йорк штатында ақ жауыннан кейін өзен арнасынан тасып, көшелерді су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тіпті суда қалған кейбір көліктің иелерін арқанмен тартып шығаруға тура келді. Сонымен қатар әуе рейстері мен пойыз тасымалы кейінге шегерілді. Ұлттық ауа райы қызметі 13 миллион тұрғыны бар Нью-Йорк штатында бақылау күшейгінін ескертеді. Алайда қауіп әлі сейілген жоқ. Жаңбыр алдағы күндері жаууы мүмкін.