Үндістанда аурухананы су басты

Үндістанның солтүстігінде төпелеп жауған нөсер елге ауыр соққы болып тиді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джайпур қаласында ауруханаларды және білім ордаларын су басып қалды. Науқастар бөлмелерінде тізеден келетін су кешіп жүруге мәжбүр. Барлық медициналық аппарат жарамсыз болып қалған. Қазір өңірде қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ мамандар шығын шаш етектен деп дабыл қақты. Қазір жергілікті билік шығын көлемін есептеп жатыр.

Үндістанда қатты жауын-шашын осы демалыста басталған еді. Салдарынан солтүстік аймақтарда су тасқыны мен лай көшкіні жүріп, көз жұмғандардың саны 22-ге жетті.