Мексикада базардағы өрт кезінде 9 адам көз жұмды
Мексикада базар өртеніп, 9 адам көз жұмды.
Оқиға ел астанасы Мехикодан батысқа қарай 60 шақырым жерде Толука өңірінде болған. Жергілікті прокуратура бетперде таққан бәзбіреулер күзеттегі адамдарға оқ жаудырып, кейін павильондарды өртеп жіберген деп отыр. Қылмыстық топ оқиға орнынан қашып үлгерген. Құрбан болғандардың үшеуі кәмелеттік жасқа толмағандар. Әзірге бұл қылмыс үшін ешқандай қарулы ұйым жауапкершілікті алған жоқ. Мексикада биыл мұндай жағдайлар жиілеп кеткен. Егер ақша беріп отырмаса, қарулы топтар саудагерлерге жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді екен.
Раймундо Карбахаль, Толука аймағының басшысы:
- Тергеу кезінде бұл екі қарулы топтар арасындағы текетірес болғанын анықтадық. Олар сауда орны үшін таласқан. Күлге айналған 400 шаршы метр аумақ жалға алынған болатын. Қазір прокуратура істің мән-жайын анықтап жатыр.