Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран ұшырды

Бұл осымен, жыл басынан бері 12-ші рет тіркеліп отырған әрекет.

Зымыранның түрі мен ұшу орны туралы мәлімет нақтыланып жатыр. Жауап ретінде Жапонияның Қорғаныс министрлігі Солтүстік Кореяға наразылық білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Корея 40-қа жуық зымыран ұшырып, рекорд орнатты. Ресми Пхеньян бұл әрекетін жаңа немесе жаңартылған зымыран қару-жарақтарын сынау үшін жасалады, деп түсіндірді.

Мацуно Хироказу, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы:

- Солтүстік Кореяның бұл әрекеті Жапония және халықаралық қауымдастыққа қауіп төндіреді. Сонымен қатар, баллистикалық зымырандарды ұшыру - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын бұзу және біздің азаматтарымыз үшін маңызды қауіпсіздік мәселесі екенін еске саламын.