Үндістан әлемнің екінші ірі экономикасына айналуы мүмкін
Алпауыт инвестициялық банктің бірі – Goldman Sachs сарапшыларының болжамы осындай.
Бірақ мамандар бұл тек 2075 жылға қарай болуы мүмкін деп отыр. Қазір мемлекет жалпы ішкі өнім бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа кіреді. Кейінгі кезде Үндістанда демографиялық дүмпу байқалып отыр. Тиісінше еңбек өнімділігі артып жатыр. Оның үстіне инновациялар мен технологиялардың дамуы жағынан да көрсеткіштер жаман емес. Бірақ сарапшылар мемлекет әйелдерді жұмысқа тартуға көп көңіл бөлу керек дейді. Өйткені қазіргі статистика бойынша, мұнда қыз-келіншектердің тек 20%-і ғана еңбек етеді.