Еуропада әрбір үшінші ұшақ уақытында ұшпаған

Еуропада былтыр жазда әрбір үшінші ұшақ уақытында ұшпаған.

Оған жаппай ереуілдер мен маман тапшылығы себеп. Соның салдарынан Кәрі Құрлықта 99 миллион жолаушы діттеген жеріне кешігіп жеткен. Мұндай жағдай әсіресе Сербия, Грекия мен Болгарияда жиі қайталанған. Германияда биылдың өзінде ондай оқиғалар жетерлік. Соның кесірінен жарты жылдың ішінде әрбір үшінші жолаушы уақытында ұшпаған. Айта кеткен жөн, қазір Еуропаның көп елінде инфляция өршіп тұр. Осыған байланысты түрлі әуе компания қызметкерлерінің ереуілдері де жиілеп кетті. Жазда демалушылар саны көбейгенде, мәселе тіптен ушығып кетеді.