Түркияның Мұғла аймағында орман өртеніп жатыр

Өңірлік орман шаруашылығы мамандары мен өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетті.

Қызыл жалынмен күреске 14 тікұшақ және 11 ұшақ жұмылдырылды. Орман алқабында тұтанған өртті әуеден және құрлықтан сөндіруге күш салып жатыр. Ал, өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Эгей аймағының Мұғла провинциясында соңғы үш аптада 28 рет өрт шыққан.