Индонезияда Иранның танкері ұсталды
Индонезияда Иранның жалауын көтерген танкер ұсталды.
Алдын ала мәлімет бойынша ол мұнайды заңсыз тасымалдаған. Кемеге 300 мың тоннаға жуық қара алтын тиелген. Оның құны 300 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Бұдан бөлек бортында 30-дан аса адам болған. Барлығы қамауға алынды. Иран билігі бұл оқиғаға қатысты әзірге ешқандай мәлемдеме жасаған жоқ. Айта кеткен жөн, АҚШ пен Еуроодақ ядролық бағдарламасына байланысты Иранға санкциялар салған еді. Оған сай, мұнай экспортына шектеулер енгізілген еді. Жалпы батыс елдері Иран тарапынан қара алтынды заңсыз тасымалдау деректерінің жиілегенін айтады.