АҚШ-та биыл табиғат апаттарынан 6 айдағы шығын - $12 млрд
АҚШ-та биыл алғашқы жарты жылда табиғат апаттарынан 12 миллиард доллар шығын келді.
Бұл әдеттегідлен әлдеқайда көп. Елде су тасқыны, дауылдар мен орман өртінен келетін орташа жылдық шығын 18 миллиард доллар шамасында. Ал биыл алты айдың өзіндегі сандар бұл меженің үштен екісінен асып кеткен. Жыл басынан бері елде әсіресе дауыл көп болған. Күннің ыстығы мен қуаңшылық та тұрғындарды біраз әбіргерге салды. Статистика бойынша, қазір одан әрбір төртінші америкалық зардап шегіп отыр.