Хорватияда орман өрті дес бермей тұр
Қазір елдің бірнеше өңірінде тұрғындарға қауіп төніп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өрт Шибеник қаласына жақын ормандардарда тұтанғаны анықталды. Тілсіз жау бір ауылды қоршап алған. Мұнда ондаған көлік пен үй лапылдаған от құшағында қалған. Оқиға орнына 100-ге жуық өрт сөндіруші тартылды. Өртті сөндіруге екпінді жел кедергі кедерге келтіріп жатыр.
Жергілікті билік апатқа аптап ыстық себеп болуы мүмкін дейді. Қазір елдің кей аймағында сынап бағанасы 40 градусқа жетіп отыр.