Еуроодақ Жапониядан агроөнімдер импорттайды
Еуропалық Одақ Жапониядан ауыл және балық шаруашылығы өнімдерін қайта импорттай бастайды.
Шектеу 2011 жылы Фукусима префектурасындағы атом электр станциясындағы апаттан кейін енгізілген еді. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон Ляйен Брюссельде Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен кездесуінен кейін мәлімдеді. Оның айтуынша, Орталық аймақтан күн шығыс еліне агроөнімдерді экспорттау көп ұзамай басталады.
Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:
- Біз Фукусимадағы апатпен байланысты қалған импорттық шектеулерді алып тастау туралы келістік. Шешім Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттіктің зерттеулері мен ғылыми мәліметтерді негізге ала отырып қабылданды. Ал Еуроодақ елдерінен Жапония нарығына ауылшаруашылық тауарларын жеткізу сияқты мәселелерді жыл соңына дейін шешуге ниеттіміз.