Жер бетінде кедейлер көбейіп барады
Кейінгі бірнеше жылда күнкөрісі өте төмен азаматтар қатары тағы 165 миллион адамға артқан.
Мұндай жағдайға бірінші кезекте коронавирус пен одан кейінгі экономикалық қиындықтар әсер еткен. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері осылай деді. Олардың айтуынша, қазір әлем бойынша 1 миллиард 650 миллионға жуық азамат кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатыр.