Суданда адамдарды жаппай жерлеген орын табылды

Елдің  Батыс Дарфур аймағындағы ортақ қабірден 87 мәйіт анықталды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бұған  арнайы күштерді айыптап отыр. Олар бейбіт тұрғындардың өлімін осылай жасырмақ болған дейді ұйым өкілдері. Суданда үкімет армиясы мен арнайы бөлімшелер арасындағы әскери қақтығыс 15 сәуірде басталған. Содан бері 2000-ға жуық адам қаза тауып, 350 мыңы елден қашып шыққан. Тараптар бірнеше рет бітімгершілік туралы жарияласа да әзірге қақтығыстар тыйылмаған.