Бельгияда блогерлер салық төлейді
Мұнда бұл қызмет Еуроодақтың өзге елдері сияқты кәсіпкерлік салаға жатады.
Өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын жекеменшік кәсіпорындар жалақысының 20-60 пайыз көлеміндей салық төлеуге міндетті. Италияда да блогерге жеке кәсіп ашу жеңіл. Бірақ Апеннин түбегінде алғашқы 5 жылда салық 5 пайыз ғана. Кейін алымдарды толық төлеуге көшеді. Бұған әлеуметтік өтемақылар мен зейнетақылық аударымдар қосылады. Нәтижесінде Италияда блогерлікпен айналысатындардың салығы кірісінің 30 пайызына жетеді.