Италияда аптап ыстық жұртты әбігерге салды

Италияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.

Елдің 15 қаласында күн қайнап тұр. Кей жерлерде сынап бағанасы 48 градусқа жетеді. АҚШ-та да аптап орнады. Көп жерлерде халыққа ескерту жасалып жатыр. Биыл Калифорнияда да күн қызып тұр. Штатта ең ыстық күн тіркеледі деген болжам бар. Осыған байланысты тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес берілді.