Биыл Жерорта теңізінде 289 бала суға кеткен

Биыл Жерорта теңізінде 289 бала опат болды.

Алғашқы жарты жылда, апта сайын 11 бала суға кеткен деген сөз. Барлығы - Солтүстік Африкадан Еуропаға заңсыз жолмен жетпек болған мигранттар. Осыған байланысты Юни-сеф өкілдері заңсыз көші-қонмен күресті күшейтуге шақырып отыр. Жыл басынан бері Италияға Африкадан 12 мыңдай мигрант бала табан тіреген. Былтыр бұл сан, екі есе аз болған.