Германияда экобелсенділер шеруі тоқтамай тұр
«Соңғы буын» қозғалысының мүшелері ұйымдастырған наразылық акциясы елдің 26 қаласында өтті.
Экобелсенділер ел канцлерінің суреті бейнеленген бетперде тағып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Осылайша билік өкілдерінің назарын климатты қорғау туралы заңның бұзылып жатқанына аудармақ болды. Шерушілердің айтуынша, ауаға тарайтын зиянды заттардың шекті көлеміне қатысты елде ешбір бағдарлама әзірленбеген.