Ұлыбританияда қызылша ауруы өршуі мүмкін
Жақын арада Ұлыбританияда қызылша ауруы өршуі мүмкін.
Өйткені елде індетке қарсы вакцина салдырғандар тым аз. Корольдіктің денсаулық сақтау жөніндегі агенттігінің өкілдері, осындай ескерту жасады. Әсіресе Лондондағы жағдай алаңдатарлық. Қалада ауру жұқтырғандар саны 160 мыңға дейін жетуі мүмкін. Жергілікті ережелерге сәйкес, корольдікте ауруға қарсы екпенің алғашқы дозасы, балаға бір жасында, сосын 3 жарымға толғанда салынады. Алайда 2000-шы жылдардың басында британдықтар арасында бұл вакцина аутизм тудыруы мүмкін деген, пікір кеңінен тараған. Иммундау көрсеткішінің төмен болуы да осыдан. Биыл елде ауруды 128 адам жұқтырған. Бұл былтырмен салыстырғанда, 2,5 есе көп.