Францияда бір күнде 255 көлік өртенді

Францияда Бастилияны басып алу күніне орайластырылған ұлттық мейрам кезінде 255 көлікті қасақана өртеу дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

100-ге жуық адам қамауға алынды. Былтыр да мерекены атап өту барысында елде осыған ұқсас оқиғалар көп болды. 500-ге жуық автокөлікті жағып жіберіп, полицейлерге қарсы пиротехника қолданылған еді. Сондықтан биыл қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 130 мың тәртіп сақшысы қоғамдық қауіпсіздікті күзетті. Бірақ соған қарамастан бұзақылар өзгенің мүлкіне зақым келтірген.