Еуропада аптап ыстық басылады
Еуропа халқын рекордтық температурамен әлекке салған "Цербер" жылу толқынының беті қайтады.
Алайда оның орнына енді "Харон" келеді. Сөйтіп, келер аптада кәрі құрлықта аптап ыстық әлі жалғасады дейді мамандар. Осыған байланысты Италияда қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды. Испания, Франция, Германия мен Польшада күн қатты ыстық болады. Салдарынан орман өртінің пайда болу қаупі де артып отыр. Метеорологтар кейінгі жылдары аптап ыстықтың жиілеп кеткенін айтады. Олар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырады.