Италияда 250 мың жолаушының әуе рейсі кешікті
Италияда 250 мың жолаушы діттеген жеріне уақытында жете алмай, әлекке түсті.
Оған әуежай қызметкерлерінің ереуілі себеп. Наразылық акциясы салдарынан жүздеген рейс уақытында ұшпаған. Бірер күн бұрын елде темір жол қызметкерлері ереуіл ұйымдастырған еді. Бәрінің талабы бір - ашынған жұрт жалақысын көтеруді сұрайды. Италия көлік министрі наразы топты ақылға шақырып отыр. Өйткені қазір демалыс маусымы. Тиісінше ереуілдер әрі-бері қатынаған жолаушыларға өз кесірін тигізеді.
Сара Ди Марко, көлік одағының өкілі:
"Жолаушыларға қолайсыздық туғызғанымыз өкініші. Біздің мақсатымыз басқа. Біз еңбек министрі мәселеге назар аударғанын қалаймыз. Ал ондағылар болса, ескертуімізге қарамастан, келіссөздерге көнбей, ереуілге бір күн қалғанда ғана бізді кездесуге шақырды. Олар бұған дейін қайда болды?"