Канар аралдарында орман өрті өршіді

Канар аралдарында орман өрті қаулады.

Ресми ақпарат бойынша қызыл жалын 5 мың гектардан астам жерді шарпыған. Осыған байланысты 4 мыңнан астам тұрғын шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілген. Әзірге өртке не себеп болғаны белгісіз. Анығы, кейінгі күндері аймақта аптап ыстық орнады. Сынап бағанасы 40 градустан түспеген.