Қытайлықтар ыстықтан қорғану үшін тау-шаңғы шипажайларына ағылып жатыр
Қытай азаматтары елдегі аптаптан қорғану үшін жабық тау-шаңғы шипажайларына ағылып, жан сауғалауға көшкен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мәселен, жаз басталғалы бері Хубэй провинциясындағы тау-шаңғы шипажайына 60 мыңнан астам турист барған. Соның арқасында мейрамхана мен қонақ үй секілді бизнес өркен жайып, кәсіпкерлердің табысы өсе түскен. Орташа есеппен алғанда кіріс 30%-ке артқан.