Түркиядағы аптап ыстық орман өртін өршітті

Тап қазір тілсіз жаумен елдің Чанаккале, Хатай мен Мерсин провинциялары күресіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жағдайға байланысты тергеу басталып, 2 кісі ұсталды. Күннің ыстығы мен қатты жел кесірінен өрт 700 гектардан астам жерді күлге айналдырды. Осы аптада табиғи өрттер Измир, Мугла курорттық провинцияларында да болып, жалын ошағы тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Ауа райы болжамына сәйкес алдағы күндері 40 градустық ыстық Жерорта, Эгей және Мәрмәр теңіздері мен Ыстамбұл қаласының аймақтарында жалғасады.