Испаниядағы өрт: 4 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Испанияның Пальма аралында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи апатқа байланысты 4 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қоғамдық ұймдар оларды төсек-орын және азық-түлікпен қамтамасыз етпек. Тілсіз жаумен күресуге 300 маман тартылған. Алапат өрт 13 үйді күлге айналдырып, 4600-ден астам гектар жасыл желекті жалмап үлгерген.