Бангладеште қайық аударылды: қаза болғандар бар

Бангладеште жолаушыларды тасымалдайтын қайық аударылып, 4 адам қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

7 жолаушы құтқарылды. Тағы 10-нан аса адам із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиға осы елдің астанасы Дакка қаласының шетіндегі Буриганга өзенінде болды. Қайықта жалпы 20 жолаушы отырған. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апаттың себептері белгісіз.