АҚШ-тың туризм саласын жоғары инфляция қыспаққа алды
Сауалнамаға қатысқан америкалықтардың 49%-і қымбатшылыққа байланысты алдағы 3 айда ешқайда шықпауға шешім қабылдаған.
Гавай университеті экономикалық зерттеулер ұйымы әлемге танымал аралға келушілер қатарының пандемияға дейінгі көрсеткіштен де аз екенін айтады.
Қазір ең жоғары инфляция Флорида штатында тіркелген. Мұнда әсіресе баспана бағасы қымбат.
- Осында үшінші рет келіп тұрмын. 2018 жылы келгенімнен 500 долларға артық жұмсап жүрмін. Азық-түлік, жанармай, бірінші кезекте керек барлық заттар қымбаттаған.