Иранда әдеп полициясы жұмысын қайта бастады

Иранда әдеп полициясы қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы тәртіп сақшылары көшеде әйелдердің хиджаб киюін, қадағалауға кіріскен. Бұл жасақ былтыр күзде басталған толқулардан кейін желтоқсан айында таратылып, қызметін тоқтатқан болатын. Оған Махса Амини есімді студент қыздың полицейлердің қолынан көз жұмуы түрткі болған еді. Бірнеше айға созылған қақтығыстан 200 адам қаза тауып, 20 мыңдай шеруші қамауға алынды. Оқиғадан кейін билікке қарсылық танытып, хиджаб киюден бас тартқан әйелдер көбейді.

- Әдеп полициясы бізге хиджаб киюді міндеттей алмайды. Қазір елде оны кигісі келмейтін әйелдер өте көп. Біз мұндай мәжбүрлеуге көнбейміз.

- Егер еліміздегі әйел қауымының үніне құлақ ассаңыз, олардың жалпы хиджаб киюге қарсы емес екенін көресіз. Олар қазір көбіне бастарына орамалды тек билікке наразылық білдіру үшін тақпайды.