Мексикада полиция жүк көлігінен 196 мигрантты құтқарды

Олардың арасында 19 бала бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Веракрус штатының Фортин-де-лас-Форес қаласында болды. Тәртіп сақшылары тұраққа дұрыс қойылмаған көлікті тексергенде оның ішінен толып отырған келімсектерді көрген. АҚШ-қа қарай бет алған босқындардың басым бөлігі – Гватемала, Гондуарс және Үндістан елінің азаматтары. Полиция адамдарды заңсыз тасымалдаумен айналысқандарды іздестіріп жатыр.