Еуроодақ пен Тунис заңсыз миграциямен күресті күшейтеді
Еуропалық Одақ пен Тунис стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қос тарап әсіресе заңсыз миграция және адам саудасымен күресуді күшейтуге ниетті. Осы мақсатта Еуроодақ Туниске 100 миллион еуро бөледі.
Айта кетейік, Тунистен Жерорта теңізі арқылы Еуропаға қарай, жыл сайын ондаған мың мигрант бет алады. Бұл Таяу шығыс пен Африкадан ағылған босқындардың кәрі құрлыққа баратын басты жолдың бірі саналады.