Оңтүстік Кореяда көкөніс бағасы күрт қымбаттады
Әсіресе ас жапырағы, қырыққабат пен қияр құны айтарлықтай өсіп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Енді ел азаматтары үнемдеу мақсатында қажеттіні көтерме базардан сатып алуға көшкен. Тұрғындардың айтуынша, қымбатшылық биылғы табиғи апаттармен байланысты. Себебі үкімет ұсынған мәлімет бойынша, маусым соңында тоқтаусыз жауған нөсердің өзі 4 мың гектар егістік алқапты бүлдірген. Өз кезегінде, мұндай жағдайға сарапшылар қатты алаңдаулы.