АҚШ Таяу Шығысқа қосымша күштерін аттандырады
АҚШ Иранның Таяу Шығыстағы әрекеттерінен кейін, аймаққа қосымша әскери ұшақтары мен кемелерін аттандырады.
Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрлігінің өкілі Саб-рина Сингх мәлімдеді. Шешім өткен айда Иран күштерінің Ормуз бұғазында 2 сауда кемесін басып алмақ болуына байланысты қабылданған. Бұл бұғаз - Парсы мен Оман шыға-нағын байланыстыратын өткел. Әлемдегі мұнайдың бестен бір бөлігі, осы Ормуз бұғазы арқылы тасымалданады.
Сабрина Сингх, АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:
- Өздеріңіз білесіздер Иран шілденің 5-і күні Ормуз бұғазы мен Оман шығанағында екі сауда кемесін заңсыз ұстауға тырысты. Біз өңірде сауда кемелеріне қауіптің артуына байланысты одақтастарымызбен ақылдаса отырып, аймаққа қосымша әскери ұшақтар мен кемелерімізді аттандыру туралы шешім қабылдадық. Иранды аймақтағы тұрақтылыққа нұқсан келтіретін мұндай әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырамыз. Бұл стратегиялық жол арқылы еркін саудаға қауіп төндіреді.