«Талим» дауылы Қытайдың оңтүстігіндегі провинцияларға жетті

Кеше Гонконгта соққан «Талим» дауылы Қытайдың оңтүстігіндегі провинцияларға жетті.

Дүлей желге байланысты қауіптің деңгейі сар-ғылт түске дейін көтерілген. Жағалауға жақын жерлерден тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Аймақта әуе рейстері мен пойыздардың жүрісі уақытша тоқтатылған. Дауылмен бірге жаңбыр жауып, су тасқыны болады деген қауіп басым. Соңғы мәліметке қарағанда дүлей желдің екпіні сағатына 150 шақырымнан асады.