БҰҰ Гаитиге жіберетін гуманитарлық көмекті азайтады
Салдарынан осы айда 100 мыңдай адам тамаққа зәру болып қалуы мүмкін.
Бұған қоса, халықаралық ұйымдардан 120 млн доллар бөлінбесе, мұқтаждар саны, жыл аяғына дейін 750 мыңға жуықтайды дейді мамандар. Биыл Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы 450 мыңнан астам оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз еткен еді. БҰҰ-ның соңғы деректеріне сәйкес, биыл 5 жасқа дейінгі 115 мың бала, аштыққа тап болуы мүмкін. Жалпы Гаитиде күніне 5 млн-ға жуық адам азық-түлікке мұқтаж. Бұл былтырғымен салыстырғанда 30 пайызға көп.