Польшада ұшақ құлады

Польшада ұшақ құлады

Польшада жекеменшік шағын ұшақ құлады.

Апаттан 5 адам қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алды. Ауа райының қолайсыздығынан ұшқыш әуе көлігін игере алмай, Варшава маңындағы елді мекендегі бір құрылысқа құлаған. Тап сол кезде ғимаратта бірнеше адам нөсер жауыннан бой тасалап отырған. Жарақат алғандардың арасында бір бала бар. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл – соңғы 9 жылда болған ең жойқын әуе апаты.