Ресей «Астық келісімінен» шықты
Ресей билігі Астық келісімінен шығатынын жариялады.
Тиісті келісімге БҰҰ және Түркияның арағайындығымен былтыр 22 шілдеде қол қойылған еді. Оған сәйкес қарулы қақтығыс салдарынан Украина кемежайларында жиналып қалған астық өзге елдерге қауіпсіз дәліз арқылы экспортталды. Бұл әлемде азық-түлік дағдарысын реттеу үшін жасалды. Әсіресе кедей елдерге көп көмегі тиген.