БҰҰ бас хатшысы жаңа құжатты талқыға салды
Былтыр әлемде қарулы қақтығыстардан соңғы 30 жылға қарағанда ең көп өлім-жітім тіркелген.
Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ұйым отырысында мәлімдеді. Жиында ұйым басшысы дүниежүзіндегі қазіргі геосаяси ахуалға байланысты қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған сараптамалық жазбасын жариялады. Құжатта қарулы қақтығыстардың алдын алып, жаңа сын қатерлерге байланысты жаһандық жүйені өзгерту мәселелері көтерілген.
Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:
- Біз қырғи-қабақ соғыстан кейінгі кезең аяқталып, жаңа ғаламдық тәртіпке бет алып барамыз. Әлемдегі алпауыт елдердің бәсекелестігі артып, геосаяси жағдай күрделенді. Жаңа сын-қатерлер пайда болды. Осы себепті жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған сараптамалық құжатымды ұсынып отырмын. Әлем елдерін ондағы бастамаларды талқылап, оларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырамын.