Tesla 16 мың электрмобилін кері қайтарады
"Тесла" компаниясы АҚШ-та қауіпсіздік белдігіндегі ақауға байланысты 16 мың көлікті кері қайтаратын болды.
Бұл туралы осы елдің Көлік қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық басқармасы хабарлады. Мәселе бірлестіктің 2021-2023-ші жылдар аралығында шығарған кей көлік түрлеріне қатысты болып отыр. Мәліметке қарағанда олардың алдыңғы орындардағы қауіпсіздік белдігі дұрыс тағылмай, жол көлік апаты кезінде жолаушының жарақаттануына әкеледі екен. Реттеуші органның талабына сай "Тесла" бұл көлік иелерінің темір тұлпарларын тексерістен өткізіп, қауіпсіздік белдіктерін тегін ауыстырып беруі тиіс.