Египетте аптап ыстықтан газ тасымалы тоқтап қалды
Аптап Египеттегі сұйытылған табиғи газ тасымалын тоқтатты.
Өйткені көгілдір отын ішкі нарыққа кетіп жатыр. Температура 45 градусқа жеткелі газға сұраныс артқан. Электр станциялары да дамылсыз жұмыс істеуде. Тіпті бірнеше қалада электр қуатын беруде кедергілер туды. Сарапшылар мұндай жағдай елде бірінші рет болып отыр дейді. Газды шетелге экпорттау енді қазан айында ғана қалпына келуі мүмкін. Мысыр бойынша жүретін қоғамдық көліктің саны қысқарды.