Трамп ісі: сот тергеуі келесі жылы өтеді
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қарсы сот процесі 2024 жылдың 20 мамырында басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған мемлекеттік маңызы бар құпия құжаттарды өз үйінде заңсыз сақтады деген айып тағылып отыр. Сот отырысы президенттік сайлау науқаны кезінде өтеді. Прокурор тергеуді биыл желтоқсанда бастауды ұсынды. Дональд Трампқа қарсы 38 бап бойынша айып тағылған.