Израильде мыңдаған адам шеруге шықты
Иерусалимде мыңдаған адам марш өткізіп, Тель-Авив қаласына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Парламент ғимараты алдына жиналған жұрт уақытша шатыр құрып, премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың сот реформасына наразылық білдірді. Алайда оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Әзірге қанша адамның зардап шеккені белгісіз.
Айта кетейік, қасылық шарасы Израильде 29-шы рет ұйымдастырылып отыр. Үкімет өкілдері аталған реформа билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнату үшін қажет екенін айтады. Ал наразы топтың пікірінше, жаңа заң соттардың тәуелсіздігіне, Израиль демократиясына нұқсан келтіреді.