Грекияның Родос аралында орман алқаптары отқа оранды
Тілсіз жау жүздеген гектарға жайылып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандардың айтуынша, бұл – кейінгі бірнеше жылда тіркелген ең ірі өрт. Осыған байланысты арал тұрғындары мен туристер кемемен шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Осы уақытқа дейін 30 мың адам эвакуацияланғаны белгілі. Бәрі мектептер мен қонақ үйлерге орналастырылған.
Аймақта өртпен күрес әлі жалғасып жатыр. Қызыл жалынды ауыздықтауға 5 тікұшақ пен 173 көлік жұмылдырылған. Жүздеген маман тартылған. Билік өкілдерінің айтуынша, өрттің шығуына аптап себеп. Соңғы күндері елдің басым бөлігінде сынап бағанасы 44 градустан түспей тұр.