Перу халқы адам президенттің отставкаға кетуін талап етті
Перу халқы тағы да билікке қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ең ауқымдысы ел астанасы Лимада өтті. Мыңдаған адам үкімет ғимараты жанына жиналып, президенттің отставкаға кетуін талап етті. Өз кезегінде тәртіп сақшылары наразы топты таратуға тырысып, оларға қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Перудегі жаппай тұрақсыздық бұрынғы президент Педро Кастильоның отставкаға кетуімен байланысты. Былтыр ол Конгресті таратпақ болады, алайда депутаттар қарсы шара қабылдап, оны биліктен шектетті. Кейін Кастильо қамауға алынды.