Мексикада түнгі клуб өртеніп, 11 адам қаза тапты

Жараланған 4 адам ауыр халде ауруханада жатыр.

Оларды қатты күйік шалған. Полицияның айтуынша, келушілердің бірі мекеме қызметкерлерімен сөзге келіп, артынан клубты қасақана өртеп жіберіпті. Қазір күдікті қамауда. Ол штат шекарасындағы өткізу бекетінде қолға түскен.