Грекияда көпір опырылды

Грекияның Пелепоннес аралында көпір опырылып, соның салдарынан 2 адам көз жұмды.

12 азамат жарақат алды. Оның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұдан бөлек, тағы 2 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. 2021 жылы көпір жөндеуден өткен. Полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.