Оңтүстік Корея Қазақстаннан дәрілік шикізат алуға ниетті
Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайларға байланысты Қазақстан Оңтүстік Кореяның негізгі дәрілік шикізат жеткізушісі болуы мүмкін.
Бұл туралы бүгін Сеулде Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері қатысқан форумда айтылды. Мамандардың пайымынша, Қазақстан дәрілік өсімдіктерге бай. Кореяға дәрілік шөпті негізгі жеткізуші – Қытай, Ресей және Қазақстан. Енді Қытайдағы бағаның өсуіне байланысты негізгі өнімді Қазақстаннан алуға ниетті. Форумда сондай-ақ Астана мен Сеул арасындағы медициналық туризм саласындағы ынтымақтастық талқыланды.
Мұрат Имашев, ҚР ДСМ департамент директорының орынбасары:
- Бұл форум Қазақстан мен Корея арасындағы денсаулық сақтау, халықаралық ынтымақтастық, кадрлардың, медицина қызметкерлерінің және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған. 4 бағыт ұсынылды. Бұл – кадрларды оқыту, медицина қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу.
Пак Санг Пё, Корея медицинасын дамыту ұлттық институты департаментінің директоры:
- Біз Қазақстаннан негізінен марал мүйізін, қызыл мия тамырын, сондай-ақ құрғақ шөлді аймақтарда ғана өсетін қасқыр жемі өсімдіктерін әкелеміз. Біз ынтымақтастықтың бірнеше жолын ұсынамыз. Бұл – Кореяда қазақстандық шикізаттан дайындалған препараттарды өндіру және басқа елдерде, оның ішінде Қазақстанда сату немесе инвестицияларды, технологияларды, мамандарды тартып, Қазақстандағы зауыттардан өнім шығарып, Кореяға және Еуропа, Ресей сияқты басқа елдерге экспорттау.