Сирия мен АҚШ-та орман өрті өршіді
Орман өртінен фермерлер шығынға батты
Сирияны бірнеше апта бойы аптап ыстық қайтпай тұр. Салдарынан орман өрті өршіді. Елдің батысындағы Хомс өңірінде алма мен зәйтүн ағаштары өсетін үлкен бақ жанып кетті. Күшті желдің кесірінен өрт тез таралып, 4 елді мекенді жалмады. Жеміс өсіру жергілікті тұрғындардың жалғыз табыс көзі болғандықтан, олар зор шығынға батты. Мәселен, зәйтүн ағаштары бірнеше жылдан кейін ғана өнім беретіндіктен, алдағы жылдары осы кәсіппен айналысатын фермерлердің тұрмысы қиындай түспек.
Исим Касым, Хомс өңірінің басшысы:
- 10 жылдан аса соғыс жалғасып келеді. Санкциялардың кесірінен өрт сөндіретін техника сатып ала алмаймыз. Сондықтан өртті ауыздықтауға мұршамыз жоқ.
20 мың гектардан аса орман алқабы өртенді
Вашингтон штатының оңтүстігінде орман өрті өршіді. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, 20 мыңнан аса гектар орман алқап жанып кеткен. Күшті соққан жел өрттің тез таралуына әкелді. Аймақтағы елді мекендерге, егістер мен күн және жел станциялары мен газ құбырына қауіп төніп тұр. Тілсіз жаумен күреске бүкіл шататтың өрт сөндірушілері жұмылдырылған.