Израиль дау тудырған заңды қабылдады
Израиль парламенті елде көп дау туғызған заңды қабылдады.
Оған сәйкес Жоғарғы соттың кейбір құзіреті шектеледі. Заң қабылдау үшін 64 депутат дауыс берді. Оппозиция өкілдері рәсімге қатыспай, бөлмеден шығып кетті. Премьер-министр елдегі сот жүйесін өзгертуге ниетті. Сонда басқарушы партия еш кедергісіз кез келген заңды қабылдай алады. Қарсы тарап бұл демократияға қайшы келеді дейді.