Twitter ребрендингі жұртқа ұнамауы мүмкін
Twitter ребрендингі көпшілікке ұнамауы мүмкін.
Сарапшылар осындай пайымға келді. Аспанда қалықтаған көк құсты белгісіздік нышаны – латын әрпі X-ке ауыстыру қателік, дейді мамандар. Олар танымал әлеуметтік желіге мұндай өзгеріс енгізу артық деп есептейді. Твиттер компаниясының қызметкерлері бұл Илон Маскке пайда әкеліп, алдағы жоспарына тиімді болады деген сенімде. Таяуда әлемде көп қолданылатын әлеуметтік желі - Twitter логотипін өзгертетінін мәлім етті. Әйгілі миллиардер Илон Масктің айтуынша, жаңа логотип әр адамның ерекше екенін көрсетеді. Ал сарапшылар болса, бұл желі жасанды интеллект саласында кең қолданылатын құрал болуы мүмкін деп отыр.